Бүгін "№116 бөбекжай-балабақшасында" Ұлттық домбыра күні аталып өтті. Балаларға Қазақтың ұлттық аспабы туралы, ән-күйлердің шертпе, төкпе күй туралы түсінік берілді. Күмбірлеген Домбыраның үнін естіген бүлдіршіндердің бойында рухани қан жүріп, әнр шаңырақта Домбыра аспабы ілініп тұруы керек екендігі айтылды. Мектепалды "Қарлығаш" тобының тәрбиеленушісі -Рахимова Сараның атасы- Рахимов Бауыржан Саринович немерелеріне арнап бірнеше ән-күй орындап берді. Ал, "Самал" ересек тобының тәрбиеленушілері- Қанат Нұрғиса мен Жүсіпбеков Алинурдың әпкесі - Жүсіпбекова Аруна да Домбыраның құлағында ойнады. "Нағыз Қазақ- Қазақ емес, Нағыз Қазақ -Домбыра", деп бекер айтылмаса керек.