16
ақпан
2018
Оқу қызметінің жоспары Тақырыбы: "Жыл басына таласқан хайуанаттар"
МКҚК «№116 бөбекжай-балабақшасы»
Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Бөлімі: Драма
Тақырыбы: «Жыл басына таласқан хайуанаттар»
ересектер «Қарлығаш» тобы
Өткізген тәрбиеші: Истаева А.О жоғары деңгейдегі
жоғары санатты
Алматы - 2018
Оқу қызметінің жоспары
Білім беру саласы: Коммуникация

Мақсаты:Театрландырылған ертегілер арқылы балаларды,байланыстырып сөйлеуге үйрету.«Жыл басына таласқан хайуанаттар ертегісіне сахналық қойылым көрсету. Ертегіні сахналау арқылы балалардың тілдерін дамыту,сөйлей білу дағдыларын қалыптастыру.Балаларды еңбексүйгіштікке, адамгершілікке, достыққа тәрбиелеу, қызығушылықтарын арттыру
Көрнекіліктер: Үй жануарлары суреттері, слайд, интерактивті тақта, музыка, дидактикалық ойын, көлеңкелі театрға арналған құралдар.
Техникалық құралдар: Интерактивтік тақта,компютерь
Әдіс тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап
Сөздік жұмыс: хайуанаттар, мешін, доңыз
Билингвальды компонент: Қоян – кролик – rabbit, сиыр - коровa – corks, жылқы – лошадь – horse, түйе – верблюд – camel, барыс – барс – leopard, ұлу – улитка – snail, ұлу – улитка – snail, мешін – обезьяна – a monkey, қой - овца – sheep, тауық – курица – a hen, ит - собака - dog ,доңыз - свинья – pig, тышқан - мышь - mouse
Тәрбиеші: Балалар бүгін бізге қонақтар келіпті. Қонақтармен амандасайық.
Балалар: Салеметсіздерме
Шаттық шеңбері:
Қол алысып қане біз,
Достасайық бәріміз,
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге,
Қандай жақсы бір тұру,
Қандай жақсы дос болу
Біз әдепті баламыз,
Біз ерекше боламыз.
Тәрбиеші: Балалар сендер ертегілерді жақсы көресіңдер ме?
Хайуанаттар - деп жануарларды атаймыз
Балалар: ия апай
Тәрбиеші: Онда сендердің білімдеріңді ойын арқылы тексергім келеді. Барлықтарың интерактивті тақтаға назар аударыңдар
Дидактикалық ойын: Ертегілерді ата
Ойын шарты: балаларға неше түрлі ертегілердің суретін көрсетіп , балалар оны табу керек.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар барлығын дұрыс атадыңдар.Осы «Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісін сахналайық. Актерларымыз шығайық.
«Жыл басына таласқан» ертегісін көлеңке театры арқылы тамашалаймыз.
Ал енді ертегімізді бастайық
Айлин (автор): Бұрынғы ерте заманда хайуандар жыл басына таласыпты. Бұл оқиға былай болған екен... Орман ортасында ұйықтап жатқан қоян есінеп, ұйқыдан жаңа оянғандай, жан- жағына қарап, біреулерді іздейді. Сол сәттен бастап ешкімді көрместен өзімен -өзі билей жөнеледі. Бидің аяғында сағаттың соққан дыбысын тыңдап тұрып қалады.
«Бұл не? Иә, бұл – келе жатқан жаңа жыл ғой. Ал, жыл басы кім болады».
Диас(қоян): Мен жыл басы боламын.Қардай аппақ қоянмын, Жазда сұрға бояндым, Жылды өзім бастайтын боп, Тәтті ұйқыдан ояндым. Сол түсімде , сен болшы деп, Бәрің мені сұрадың, Не? Таңдана қарайсыңдар? Соған билеп, қуандым.
Айлин (автор): Осы сөзін естіген барлық жануарлар жыл басына таласады.
Жылды қарап тұрайық,
Ойын – сауық құрайық.
Таңды бұрын көргенді,
Жыл басы деп ұғайық.
Айлин (автор): Маңғаздана асықпай басып, ортаға Сиыр шығады.
Сания(сиыр): «Мө» деп мөңіредім Молшылық төңірегім Жыл басы боламын деп Ертерек келіп едім .Етіммен, сүтіммен Адамға ұнадым.Жыл басы мен боламын
Айлин (автор): Бір кезде ортаға жылқы шауып келіп, өзін мақтай бастайды.
Абу (жылқы): Алысқа шауып барамын. Адамның бабын табамын, Пайдасы мол жылқының. Жыл басы мен боламын, Әсем десең әсеммін, Кең далада көсіліп, Самал желдей есемін.
Айлин (автор): Түйе ішінен «Мен бәрінен ақылды да сұлумын, бойым да биік, жыл басын тек мен бастауым керек» деп жан жағына менсінбей, кербездене қарайды.
Ақбар(түйе): Түйе, түйе түйемін, Жануармын киелі Кім таласар бойыма Жыл басына иемін. Жан – жағыма қараймын Күн мен түнді санаймын. Мен өзімді даланың Кербезіне балаймын.
Айлин (автор): Түйенің сөзі аяқталысымен қаһарлана ырылдап, ортаға Барыс шығады.
Сұлтан (барыс): «Ырр, ырр» барыспын, барыспын, Бәріңе де таныспын. Айналама сыйлымын,сыйлымын, Сезімсізбен алыстым, алыстым. Күшіме сенемін, бәріңді де жеңемін. Жыл басы болуға шіреніп келемін.
Айлин (автор): Сызылып ортаға ұлу шықты
Кәусар(ұлу): Ұлу деген мықтымын, Жарқын – жарқын шықты үнім. Ойым озар өзімнен, ақыл, ой бар сөзімде. Үйім бірге өзіммен, сабыр етем төзіммен Күш пен көріп құлпырар салиқалы сөзімде.
Али(маймыл): Эй, достарым, бекер дауды қойыңдар, Бір шындықты қайсың болсаң мойында, Бәріміздің ішімізден - мен ғана Ұқсаймын ғой, ұқсаймын ғой адамға.
Балалар шаршадыңдарма қане бәріміз билейікші.
Сергіту сәті
Балалар барлығымыз маймылдың артынан қайталайықшы.
Айлин (автор): Жылан өзін сұлу санап былай дейді
Асел(жылан): Жыл басына лайық сұлу жыланмын, Күштімін де, жылдам десе жылдаммын. Шағады деп бекер жала жабады. Адамды мен умен емдей аламын.
Айлин (автор): Мұны естіген қой былай дейді
Мирас (қой): «Бә,бә,бә» мен қоймын, көк шөпке тойдым. Жыл басы болуға кетіп тұр ойым.Қараңдаршы қандаймын, аппақ болған таңдаймын. Жыл басына ылайық, жарқырап тұр маңдайым.
Айлин (автор): Қоқылдап ортаға тауықта келді
Айтолқын(тауық): «Қо,қо, қо, қоқ» жыл әлі неге жоқ. Жұмыртқамды жеген соң, барлық бала тоқ. Құрт – құмырсқа жемтігім, жоқ ешбір кемтігім. Бәрінде бос мақтанып, шаршамаңдар ентігіп.
Айлин (автор): мұны естіген итте өзін мақтай шықты
Бекарыс (ит): Абалап үремін, үйді қарап жүремін , Адамның көмекші, досының бірімін. Ит болған соң үремін, Сергек өмір сүремін. Жеті қазынаның бірімін, Адамды қорғап жүремін
Айлин (автор):
Тышқан қулық ойлайды,
Шиқ-шиқ етіп қоймайды,
Шығып алып түйенің өркешімен ойнайды.
Айлин (автор): Ортаға қорсылдап доңызда келді
Санжар (доңыз): Қорс, қорс етемін, Қорсылдақпын онсы рас, Жылдың басы мен болмасам, Сонда өзі кім болмақ? Мен адамды мазалап, сұрамаймын тұнық су, Тамақты да талғамай жей беремін хрю-хрю.
Айлин (автор): Түйе мойнын созады, мен болам деп жар салып. Тышқан одан озады, жылды алғаш қарсы алып. Тышқан деген батырың, таңды көзбен атырды. Төбесінен түйенің жылды көріп қатырды.
Медина(тышқан): Алақай, алақай, күнді көрдім алақай. Қулығыммен, ақылыммен бәрін жеңдім алақай.(2 рет)
Айлин (автор): Барлығың да қараңдар,
Енді үйге тараңдар,
Жылды көрген тышқанды
Жыл басы деп санаңдар.
Тәрбиеші: Сол кезден бері жылды тышқан болыпты.Ал түйе болса аузы ашылып таңырқап, ештеңені түсінбей қала береді. Сөйтіп жыл атауларынан құр алақан қалыпты.
Қорытынды:
Біз қандай ертегіні сахналадық.
Балалар: «Жыл басына таласқан хайуанаттар»
Балалардан жыл басын қатарымен сұрау.
Балалар: тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз.
Жануарларды үш тілде қайталату
Балалар: тышқан - мышь – mouse, қоян – кролик – rabbit, ит - собака - dog