"Достық аралы" Оқу қызметі » КГКП "Ясли сад №116"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№116 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші :
+7(727) 248-43-58
Әдіскер:
+7(727) 248-10-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Достық аралы" Оқу қызметі
26
ақпан
2018

"Достық аралы" Оқу қызметі

Оқу қызметінің жоспары


Білім беру саласы: «Коммуникация »
Бөлімі: Драма
Тақырыбы: Достық аралы
Мақсаты: Балаларды ертегілер мен аңыздар туралы түсініктерін кеңейтіп, олардың айырмашылығын ажырата білуге үйрету. Аңыздар арқылы айналадағы қоршаған орта құбылыстарының мән-мағынасын түсіну. Аңызға айналған жерлерді тануға, білуге үйрету.
Тілдерін дамытып, сөздік қорларын молайтуға, жүйелі түрде сөйлей білуге, өз ойларын нақты жеткізе білуге назар аудару.
Балаларды дос бола білуге, достықты қадірлеп, қастерлей білуге тәрбиелеу. Туған жеріне деген сүйспеншілігін арттыру.
Көрнекіліктер: кітаптар (әңгіме, ертегі,аңыз), суреттер, үнтаспа, интерактивті тақта,
сандықша, биік ағаш (неше түрлі жемістер ілінген) карта, атрибуттар
Жаңа сөздер: аңыз, арал, тәңір, темірқазық, сиқырлы кілем, жер Ана.
Әдіс-тәсіл: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ жауап, көрсету, дұрыс сөйлеу.
Оқу қызметінің барысы: Қазақтың күйі ойналып балалар залға кіреді де,
қонақтармен бас иіп амандасып жарты шеңбер жасап тұрады.
Күй тоқтағанда орындарына отырады
Т-ші: Қандай керемет, сендер қонақтармен амандасудың тағы бір түрін көрсеттіңдер,
рахмет.
Балалар, енді айналаға қараңдаршы біздің кітап көрмесінде неше түрлі
кітаптар қойылған екен, қандай кітаптар бар?
Б-р: Әңгімелер, ертегілер, аңыздар.
Т-ші: Дұрыс, енді олардың бір-бірінен қандай айырмашылығы бар?
Естеріңе түсіріп көріңдерші.
Б-р: 1. Әңгімелер - өмірде болған шындық оқиғалар жайында.
2. Ертегілер – адамдардың қиял-ғажайыптарынан туған.
3. Аңыздар – шындық оқиғалар мен қиял – ғажайып оқиғалар араласып
келеді.
Т-ші: Жақсы, сендер айырмашылықтарын біледі екенсіндер. Сендер ертегіні жақсы
көресіңдер ме? Ертегілер нешеге бөлінеді және қалай аталады?
Б-р: Ертегілер 3 ке бөлінеді
1. Тұрмыс – салт
2. Сиқырлы
3. Жануарлар туралы
Т-ші: Дұрыс, онда сендерді тексеріп көрейік. Қазір сендермен ойын ойнаймын.
Ойын «Суреттегі қандай ертегі»
(Тәрбиеші ертегіге байланысты суреттер көрсетеді, балалар сол ертегіні табады).
Т-ші:Бұдан басқа әжелерің, аналарың оқып, айтып берген немесе теледидардан
көрген қандай ертегілерді білесіңдер?
Балалар жауаптары.
Т-ші:Жарайды, енді аңыз туралы не біледі екенбіз. Онда шындық та, қиял ғажайып та кездеседі дедік. Мысалы: күннің – түнге ауысуы, жаз бен қыстың алмасуы күннің күркіреуі, найзағайдың жарқылдауы, жер сілкінуі, кемпірқосақтың шығуы т.б.
(Балалар білетін аңыздарын айтып кетеді)
Т-ші:Ертедегі адамдардың осы құбылыстар қалай болатынына білімдері жетпеген, сондықтан түрлі қиял-ғажайыптарды ойлап тапқан. Осыдан аңыздар пайда болған. Аңыздың негізі – жақсылыққа, мейірімділікке негізделген. Ал, бүгін сендерге тағы бір аңызды айтып кетейін «Хан Тәңірі» туралы. Бүгінгі сабағымыз да ерекше осы аңыз туралы. Сабағымыздың тақырыбы: «Достық» аралы. Балалар, сендер «достық» дегенді түсінесіңдер, ал арал деген не? (арал салынған сурет арқылы түсіндіру)
Арал – кішкентай жер, жан-жағын су қоршаған.
(осы кезде тәрбиешінің көзі сандыққа түседі).
Т-ші:Ғажап, мына саңдық қайдан келген, қане ашып көрейік.
(сандықты ашып ішінен хат тауып алады).
Хатта: « Сандықтың ішінде сиқырлы ұшатын кілем бар. Ол сендерді қалаған
жерлеріңе алып барады. Ол үшін 2 шарты бар соны орындау керек.
1.Баратын кезде 1-10-ға дейін тура санау керек.» - делінген.
2.Қайтарда 10-1-ге дейін кері санау керек.
Балалар, осындай мүмкіншілікті пайдаланып «Достық» аралына барғыларың келе ме?
Б-р:Иә, барғымыз келеді.
Т-ші:Олай болса бәріміз күн шығысқа қарап, жылуын шашып тұрған күннен қолымызды созып жылуынан алып, басымыздан аяғымызға дейін жылуды таратайық. Ол бізге жылылық, күш куат беріп көңілімізді көтереді. Оны кеудемізге қысып, ұшатын кілем үстіне малдас құрып отырайық. Бойымыздағы жылуды қасымыздағы достарымызбен бөлісейік. Бір-біріміздің қолымыздан ұстайық.
(Балалар көздерін жұмып 1 ден 10-ға дейін санайды. Он дегенде үнтаспадан сулары сарқыраған, құстары сайраған, ағаштары тербелген желдері уілдеген әуен ойналады)
Т-ші:Балалар, сендер не естіп, не көріп тұрсыңдар?
Балалар жауаптары.
Осы кезде «Жер Ана»шығып балалармен амандасады.
Жер Ана: Сәлеметсіңдер ме, балалар?
Т-ші:Сәлеметсізбе?
Жер Ана: «Достық аралына қош келдіңдер» Мен осы аралдың жер Анасы баламын,
Ал, өздерің кімсіңдер, қайдан келдіңдер?
Камила: Қазір біз сізге өлең айтып береміз, сонда түсінесіз біздің қайдан келгенімізді.
Ән:«Шаңырақ»
Жер Ана:Иә түсіндім, түсіндім сендер қазақтың қара домалық баласы екенсіңдер ғой. Қане, енді қысылмай менің аралымды тамашалауларыңа болады.
Тәрбиеші:Балалар, қараңдаршы мында жалғыз ағаш өсіп тұр. Одан не байқап тұрсыңдар?
Балалар:Ағашта бірнеше жеміс түрлері өсіп тұр, жапырақтары да әр түрлі. Бұл жерде жан-жануарлар, құстар түрлері де өте көп екен.
Т-ші: Демек, бұл ағаш тегін ағаш болмады ғой, ол сиқырлы болғаны ғой. Ал, мына бір ағаш маған таныс сияқты, бірақ қайдан көргенімді есіме түсіре алмай тұрмын.
(осы кезде «Бәйтерек» туралы үнтаспадан айтылады).
Т-ші:Бәсе, қайдан көрдім десем.Біздің қай калада еді? (Астанада)
Жер Ана:Иә, бұл «Бәйтерек» ағашының түп тамыры осы жерден шыққан. Бұл да аңызға айналған ағаш.
Балалар, сиқырлы ағаштың келген қонақтарға беретін тапсырмалары бар. Ол әр жемісте жазылған. Соны орындауға қалайсыңдар.
Т-ші:Әрине, біз тапсырмадан қашпаймыз, орындауға әзірміз.
Жер Ана:Онда 1 ші тапсырмасы осы жерде бір би билесеңдер.
Т-ші:Қане, балалар, мына таза ауада сендермен менің де билегім келіп тұр.
Би:«Әжем айтқан ертегі»
(балалар орындарына отырады)
Т-ші:Балалар, жаңа Жер Ана айтқан тапсырмаларды орындап көрейік. 1 ші тапсырмасын орындадық. 2 ші тапсырма: Тақпақ (Жер туралы)
Алуан бояу баулары,
Аппақ басты таулары,
Аң мен құстар мекені,
Жасыл жайлау арманы.
Түрлі түсті келбеті,
Қандай әсем жер беті.

Қырмызы гүл қырлары,
Сары алтындай құмдары,
Бозғылт селеу белдері,
Көкшіл мөлдір көлдері.
Түрлі түсті келбеті,
Қандай әсем жер беті.

Сұрғылт шағыл шөлдері,
Бұйра сағым өңдері,
Жаралғандай о бастан,
Алып кемпірқосақтан.
Түрлі түсті келбеті,
Қандай әсем жер беті.
3 тапсырма: Математикадан (ойлауды дамытуға арналған)
«Ойлан да, аяқта»
2. Егер үстел орындықтан биік болса, онда орындық үстелден (аласа)
3. Екі бірден көп, ал бір екіден (аз)
4. Сен аяғыңмен жүресің, ал затты ұстағанда немен ұстайсыңдар (қолмен)
Есеп: 5 балық қосу 5 балық 10 балық болады
10 нан алсаң 5 балық қанша балық қалады?
4. Тапсырма: Көрініс көрсету «Ешкі қалай үй салады?»
5. Тапсырма: Достық туралы мақал-мәтелдер.
1. Досың коп болса-жолың да ашылады.
2. Достығы күшті жерде, дұшпан дірілдейді.
3. Бауырлардың достығы тас қамалдан да берік.
4. Адамдардың достығы қазына тау жасайды.
5. Әрқашан тілектес
Досыңа көмектес
6. Өзің жақсы жолдас болсаң, досың да көп болады
7. Жолдасы көптің, олжасы көп.
8. Достарым көп болсың десең
Айтпа жалған ешқашан
Шыншыл болғын әрқашан.
6. Тапсырма: ойын «Шаңырақ»
7. Тапсырма: Сурет
(балаларға не салу керектігі түсіндіріледі әуен ойналып тұрады)
(Балалар суреттерін аяқтайды 2 бала тұрып, сиқырлы ағашқа тілегін айтады)
Біреуге біреу жақсылық
Тілесе әркез жаны ашып
Осы бір шырын-тәттілік
Тұрмай ма жанға жарасып

Баршаға керек жақсылық
Жақсылық сүйер жанымыз
Баршаға жетер жақсылық
Қызғанбай бөліп алыңыз
Т-ші:Балалар, біз сиқырлы ағаштың берген тапсырмаларын орындадық. Енді осы жақсы тілекпен бізде қайтайық.
Ж.Ана: Иә балалар сиқырлы ағаш сендерге риза, енді мына жемістерін сый ретінде қабылдаңдар.
Б-р: Рахмет, сиқырлы ағаш, Жер Ана.
Т-ші:Рахмет сыйыңызға біз оны өзіміздің жерімізге апарып достарымызбен бөлісеміз.
Ж.Ана: Сау болыңдар, жолдарың болсын.
Б-р: Сау болыңыз.
(Балалар сиқырлы кілемге отырып 10-нан 1-ге дейін кері санайды. Қазақ күйі ойналады)
Қорытынды:
Т-ші: Балалар біз қайда бардық?
Б-р: «Достық» аралына.
Т-ші: Онда не істедік?
Балалар жауаптары.
Камила: Адамдардың әлемде
Туыстығын тілеймін
Шын достықтың әр елде
Тым ыстығын тілеймін
Күнде думан, мереке
Тыныштығын тілеймін
Т-ші: Біз достықты, тыныштықты сүйетін қонақжай халықпыз. Жерімізде 100 ден астам ұлттар тұрады. Біз бәрімен доспыз, татумыз. Сендер де достықты қадірлей біліңдер.
Енді қонақтарға келгендері үшін рахмет айтып «Достық» әнін айтып берейік
Ән:Достық.

СОҢЫ.



Құрастырған : Ошыбаева Г.Ж -әдіскер
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив