11
сәуір
2019
Городские педагогические чтения
2019 жылдың 28-наурызы күні Алматы қаласының Білім басқармасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың 7 қыры» Бағдарламалық мақалаларының тұжырымдарын жүзеге асыру мақсатында «ХХI ғасырдағы ұлттық сана және білім беру: заманауи педагогтің көзғарасы» тақырыбында қалалық Педагогикалық оқуларын өткізді. Бұл оқулар араға 17 жыл салып қайта жаңғырып отыр. 2019 жылғы 11-сәуір күні Алматының Оқушылар сарайында қалалық Педагогикалық оқуларының жабылу салтанаты өтті.
Салтанатты жиында Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы Г.М.Ходжабергенова жеңімпаз ұстаздарды құттықтап, педагогтерге инновациялық тәжірибелерімен бөлісудегі белсенділігі үшін алғысын білдіріп. игілікті істеріне шығармашылық табыс тіледі.
Педагогикалық оқулардың қорытындысы бойынша МКҚК "116 бөбекжай-балабақшасының" тәрбиешісі Сумесинова Айгуль Абдиловна III дәрежелі дипломмен марапатталды.
#116яслисад
#нашидостижения