Іс-шаралар » КГКП "Ясли сад №116"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№116 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші :
+7(727) 248-43-58
Әдіскер:
+7(727) 248-10-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
1-Қыркүйек Білім күні іс-шарасы балалардың қатысуымен өтті.
01
қыркүйек
2024
1-Қыркүйек Білім күні іс-шарасы балалардың қатысуымен өтті.
1-Қыркүйек Білім күні іс-шарасы балалардың қатысуымен өтті.  Іс-шараға бар Білімнің Анасы- Әліппе оқулығы қонаққа келді. Балаларды оқу, білімге құштар болуға шақырды. Жалқаубек рөлін сомдағанн тәрбиеші балаларды күлдіріп, көңілді өткізді. Мектепалды тобының тәрбиеленушілері ән орындап, би биледі. 
30-Тамыз ҚР Конституция күні аталып өтті.
29
тамыз
2024
30-Тамыз ҚР Конституция күні аталып өтті.
30-шы тамыз Қазақстан Республикасының Конституция күні. Ата Заңымыз 1995 жылдың 30 тамызында жалпыхалықтық референдум нәтижесінде қабылданды.  Ол 9 бөлім, 98 баптан тұрады. Биыл Конституция күніне 29 жыл. Құрметті, Қазақ Елі! Конституция күні құтты болсын! №116 балабақшасында Мектепалды даярлық топтарының қатысуымен іс шара өтті. 
4-маусым ҚР Мемлекеттік Рәміздер күні.
04
маусым
2024
4-маусым ҚР Мемлекеттік Рәміздер күні.
4-маусым ҚР Мемлекеттік Рәміздер күніне орай Бала-бақшамызда Гимн бір сәтте орындалды. Тәрбиеленуші топ балалары көңілді-күйде Гимн орындап, мереке қарсаңында қызықты іс-әрекеттер өтті.
1 -маусым Балаларды қорғау күніне орай.
31
мамыр
2024
1 -маусым Балаларды қорғау күніне орай.
1 -маусым Балаларды қорғау күніне орай бала-бақшамызда балаларға арналғаг мерекелік іс-шара өтті. Іс-шара барысында көңілді сайқымазақ, сүйікті персонаждар балалармен түрлі ойындар өткізді. Сабын көпіршігі, тосын сыйлар эмоцияға толы күн болды.  Балалардың қуанышына жетер қуаныш жоқ. 
«STEAM» технологиясы: эко конструктор Йохокуб арқылы балалардың креативті ойлау дағдыларын калыптастыру»  қалалық семинар
17
мамыр
2024
«STEAM» технологиясы: эко конструктор Йохокуб арқылы балалардың
Алматы қаласы Білім баскармасы Қалалык білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сейкес 2024 жылы 17 мамырда құзыреттілік орталықтарының тәжірибесін тарату мақсатында «STEAM» технологиясы: эко конструктор Йохокуб арқылы балалардың креативті ойлау дағдыларын калыптастыру» тақырыбында Nº116 бебекжай-балабақшасында калалык семинар өткізілді.  Семинарға Алматы қаласының Білім басқармасы және мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтары қатысты.
7-мамыр Отан қорғаушылар күні
04
мамыр
2024
7-мамыр Отан қорғаушылар күні
Ересек "Жұлдыз" тобы Отан қорғаушылар күніне арналған тақырыптық мерекелік іс-шара тәрбиеші: Исатаева А.О.
№131 мектеп-лицей ішіндегі Б.Момышұлы атындағы мұражайына экскурсия
01
мамыр
2024
№131 мектеп-лицей ішіндегі Б.Момышұлы атындағы мұражайына экскурсия
2023-2024 оқу жылының жылдық жоспары бойынша бекітілген Мектеппен сабақтастық жұмыстары жүргізілді. Мектепалды "Қарлығаш" тобы мен "Бәйтерек" тобы Алматы қаласы Медеу ауданының №131 Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-лицейіне  экскурсияға барды. Экскурсия барысында тәрбиеленуші балалар мектептегі мұражаймен танысты.  Жеңілмейтін жауынан, Бөлінбейтін қауымнан. Біздің батыр атамыз Момышұлы Бауыржан, - деп жырлаған қаhарман, батыр атамыз жайлы көп дүниелерді біліп қайтты.
"АЛМАТЫ БІЗДІҢ ОРТАҚ ҮЙІМІЗ" сенбілік
20
сәуір
2024
"АЛМАТЫ БІЗДІҢ ОРТАҚ ҮЙІМІЗ" сенбілік
https://www.instagram.com/reel/C5_E6gKCGXf/?igsh=YWE4cWQza2p3OWll  КМҚК 116 бөбекжай балабақша ұжымы бүгін сенбілікке қатысты. Самал-2 шағын ауданындағы "А.Бектуров" көшесінің бойын қоқыстан тазартып, қала тұрғындарын тазалыққа шақырды. Сенбілікке ата-аналар тарапынан да өз үлесін қосқан белсенділер болды. #Таза Қазақстан  #Алматы біздің Ортақ үйіміз  #Алматы наш Общий дом #бізкөппізҚалажалғыз #АкиматАлматы #Медеуакимат @akimat_medeu  @medeuaudany