Балаға балабақшада не істеуге болмайтынын түсіндіріңіз
Родителям арналған жаднама
Балаға балабақшада не істеуге болмайтынын түсіндіріңіз
- Балабақша аумағына жалғыз шығуға
Балабақшаның ойын алаңына тәрбиешімен бірге шығу керек, себебі аумақта иттер не бөтен адамдар жүруі мүмкін. Тек ересек адам қауіптен қорғай алады.
- Тәрбиешінің рұқсатынсыз дәлізге кіруге
Балаларға дәлізге шығуға рұқсат бермес бұрын тәрбиеші ол жерде балаға зиян келтіретін бөтен заттардың не адамдардың жоқ екенін тексеруі тиіс.
- Бөтен адамдармен сөйлесуге
Бөтен адам балабақша аумағына тектен-текке жүрмейді. Бұл арам ойы бар психикалық ауытқуы бар адам болуы мүмкін, мысалы баланы қорқыту не алып кету.
- Бейтаныс ересектерден тәтті мен сыйлық алуға
Бөтен адамдардың балаға шын ниетімен тәтті беруі сирек жағдай. Оның балаға зиян келтіргісі не өзімен бірге алып кеткісі келуі мүмкін.
- Аумаққа кірген жануарларды ұстауға не ашуландыруға
Жануарлар өзін агрессивті ұстауы мүмкін. Егер бала оны ашуландырса, ол тістеп алуы мүмкін. Сонымен бірге жануарлар ауруды тасымалдауы мүмкін.
- Аумақтағы бөтен затты ұстауға
Бала бөтен заттар туралы тәрбиешіге хабарлауы тиіс. Оны ұстауға болмайды, себебі бұл өмірге қауіп төндіруі мүмкін.